Газа келіссөздерінің соңғы раунды: атыс тоқтауға жақын қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Қатарда Газа секторындағы атысты тоқтатуға және кепілге алынғандарды босатуға бағытталған келіссөздердің соңғы кезеңі басталды. Бұл туралы Kazinform тілшісі хабарлады. 

Газа келіссөздерінің соңғы раунды: атыс тоқтауға жақын қалды
Фото: Қатар СІМ

Израиль, ХАМАС өкілдері және халықаралық делдалдар бірнеше айға созылған қақтығысты тоқтатуға бағытталған негізгі қадам болуы мүмкін келісімнің соңғы мәліметтерін талқылап жатыр. 

Катар Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні Газада атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы Дохадағы келіссөздердің «соңғы кезеңде» екенін мәлімдеді. 

- Біз соңғы кезеңде екенімізге сенеміз... бұл жақын арада келісімге әкеледі деп үміттенеміз, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Маджид әл-Ансари баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, кедергілердің басым бөлігі еңсерілген.

Келіссөздер Израильдің барлау қызметтерінің басшылары, АҚШ-тың жаңа және қызметтен кеткен әкімшіліктерінің Таяу Шығыстағы өкілдері мен Катар премьер-министрінің қатысуымен өтіп жатыр. 

Дүйсенбі күні медиаторлар келіссөздердегі «серпілістен» кейін Израиль мен ХАМАС-қа келісімнің соңғы жобасын ұсынды. 

- ХАМАС Газа секторындағы атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісім жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Associated Press келіссөзге қатысқан ресми тұлғаларға сілтеме жасап. 

Жоспар енді түпкілікті бекіту үшін Израильдің министрлер кабинетіне ұсынылуы керек. 

Келіссөздерге жақын палестиналық дереккөз Reuters агенттігіне егер «бәрі жақсы болса» келісім сейсенбіде аяқталатынын айтты. 

Келісім не жөнінде болады?

Жобаға сәйкес, үш кезеңді келісім алты апта ішінде кепілге алынған 33 адамды, соның ішінде әйелдер, балалар, қарттар мен жараланған бейбіт тұрғындарды кезең-кезеңімен босатудан басталып, айырбас ретінде Израиль түрмелерінде ұсталған жүздеген палестиналық әйелдер мен балаларды босатуды көздейді. 

Кепілге алынған 33 адам ішінде бес израильдік әйел сарбаз болады, олардың әрқайсысы 50 палестиналық тұтқынға, оның ішінде өмір бойына бас бостандығынан айырылған 30-ға айырбас ретінде босатылады. 

Келісім Израильге бастапқыда ХАМАС Израиль күштерін шығаруды талап еткен Газа секторының Мысырмен шекарасындағы Филадельфи дәлізін бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Израиль палестиналықтарды анклавтың солтүстігіне қайтып оралған кезде қару-жарақ бар-жоғын тексеру механизмін құруға ұмтылған Газаның орталығындағы Нецарим дәлізінен өз әскерлерін шығарады.

Екінші кезеңде ХАМАС көп тұтқындарды босату және Газа секторынан израильдік күштерді «толық шығару» үшін аман қалған кепілге алынғандарды, негізінен ер сарбаздарды босатады. 

Алайда ХАМАС соғысты тоқтатпай, Израиль әскерлері толық шығарылмайынша, қалған кепілге алынғандарды босатпайтынын мәлімдеді. Бұл ретте Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұған дейін ХАМАС-тың әскери және әкімшілік мүмкіндіктері жойылмаса, соғыс қимылдарын қайта бастауға уәде берген болатын.

Үшінші кезеңде қалған кепілге алынғандардың мәйіттері халықаралық бақылаумен Газа секторын қалпына келтірудің үш-бес жылдық жоспарын жүзеге асыру үшін

Соңғы жаңалықтар