13:57, 01 Шілде 2025 | GMT +5
Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 56 531-ге жетті
АСТАНА. KAZINFORM — 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған соққыларында қаза тапқан палестиналықтардың саны 56 531-ге жетті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Бұл туралы Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі соңғы мәлімдемесінде хабарлады. Тек соңғы 24 сағатта Израильдің соққылары салдарынан 28 адамның қаза тауып, 223 бейбіт тұрғынның жараланғаны атап өтілді.
— Қаза болған 28 бейбіт тұрғынның мәйіті және жараланған 223 азама ауруханаларға жеткізілді, - делінген ресми мәлімдемеде.
Шабуылдан зардап шеккендер арасында әйелдер мен балалар санының да айтарлықтай көп екені атап өтілді.
Еске сала кетейік, Израиль Газаның солтүстігіне шабуыл жасауға дайындалып жатқаны жайлы жазған едік.