16:16, 18 Мамыр 2025 | GMT +5
Газа секторында төрт журналист қаза болды - Al Jazeera
АСТАНА. KAZINFORМ - Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, жуырда Газа секторына жасалған соққылардың салдарынан тағы төрт журналист мерт болды, деп хабарлайды IRNA.

Құрбан болғандар - Нұр Кандил, Азиз Әл-Хаджар, Абдуррахман Әл-Абадила мен Халед Абу Сейф.
Телеарнаның хабарлауынша, соққыны Израиль тарапы жасаған. Қақтығыс аймағында мерт болған БАҚ өкілдерінің саны артып келеді.
Осыған дейін Израиль әскерлері ХАМАС-ты талқандап, Газада кепілде қалған адамдарды босату үшін ауқымды шабуылды бастағанын мәлімдеген болатын.
Бүгін Газада ХАМАС ұйымының көшбасшыларының бірінің денесі табылғаны белгілі болды.