Газада 1092 адам медициналық көмекке жете алмай көз жұмды — ДДҰ

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылғы шілдеден 2025 жылғы 28 қарашаға дейін Газа секторында шамамен 1092 науқас медициналық эвакуацияны күтпестен қайтыс болды, деп хабарлайды Синьхуа.

Более тысячи пациентов скончались в Газе, не дождавшись медицинской эвакуации — ВОЗ
Фото: Синьхуа

Бұл туралы Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде журналистерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Палестинаның оккупацияланған аумақтарындағы өкілі Ричард Пиперкорн Газа денсаулық сақтау органдарына сүйене отырып мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл деректер нақты жағдайды толық көрсетпеуі мүмкін, өйткені көрсеткіштер тек ресми тіркелген өлім жағдайларына негізделген.

— ДДҰ елдерді Газадан науқастарды қабылдауға және Батыс жағалауға, соның ішінде Шығыс Иерусалимге медициналық эвакуацияны қайта бастауға шақырды, — деді ол.

Ричард Пиперкорнның атап өтуінше, қазіргі таңда Газада 36 аурухананың тек 18-і және алғашқы медициналық көмек көрсету орталықтарының 43 пайызы ғана ішінара жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың, оның ішінде жүрек ауруларын емдеуге арналған құралдардың тапшылығы қатты байқалады.

Ол рұқсат етілген жеткізілім көлемі артқанына қарамастан, дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды Газасына енгізу үдерісі әлі де негізсіз баяу әрі күрделі екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін ДДҰ Газадағы денсаулық сақтау жүйесін қалпына келтіруге шамамен 7 млрд доллар қажет екенін мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар