Газада Израильдің шабуылынан қаза таптқандар саны 62 мыңға жақындады

АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны кейінгі 24 сағатта 70-ке артып, 61 897-ге жетті, деп хабарлайды Kazinform Anadolu Ajansı-ға сілтеме жасап.

Газада Израильдің шабуылынан қаза таптқандар саны 62 мыңға жақындады
Фото: Anadolu Ajansı

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің жалғасып жатқан шабуылдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы кейінгі мәліметтерді берді. 

16 тамызда Газа секторындағы ауруханаларға 70 қаза тапқан адамның мәйіті, 385 жаралы адам жеткізілген. 

Жалпы 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан қаза тапқандардың саны 61 897-ге, жараланғандар саны 155 660-қа жетіп отыр. 

Израиль армиясы Газада 19 қаңтарда келісілген атысты тоқтату келісімін бұзып, 18 наурыздан бері бірнеше шабуыл жасап, шамамен 10 362 палестиналықты өлтіріп, 43 619-ын жаралаған. 

Газа секторындағы үйінділер астында әлі де мыңдаған адамның денесі қалды. 

Газа гуманитарлық жәрдем қорының Израиль және АҚШ басшылығында Газада құрылған «көмек тарату пункттері» деп аталатын жерлерде палестиналықтарға жүйелі түрде шабуыл жасауынан кейінгі 24 сағатта 26 палестиналықтың қаза тапқаны және 175 адамның жараланғаны атап өтілді. 

27 мамырдан бері қаза тапқандар саны 1 924-ке, жараланғандар саны 14 288-ге жетті. 

Сондай-ақ Газада кейінгі 24 сағатта тағы 11 адам, оның ішінде 1 бала аштықтан қайтыс болды. 

Аштық пен тамақтанбау салдарынан қаза тапқандар саны 251 адамға жетті, оның 108-і – балалар. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Израиль Газа секторында гуманитарлық бітім туралы делдалдардың ұсынысын қабылдамады

Соңғы жаңалықтар