Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 30 мыңнан асты

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль Газа секторының оңтүстігіне кіруді жалғастырып, ХАМАС басшылары гуманитарлық нысандардың астындағы туннельде жасырынып жатқанын мәлімдеді. ДДСҰ мәліметінше, анклавта қайтыс болған палестиналықтардың саны 30 мыңнан асты, деп жазады Euronews. 

газа
Фото: Anadolu Ajansi

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 30 мыңнан асты, тағы 70 мыңнан астам адам жарақат алды.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Х әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Бұл жантүршігерлік зорлық-зомбылық және қайғы-қасірет тоқтауы керек», — деді Гебрейесус өз сөзінде.

ДДСҰ келтірген мәлімет БҰҰ құрылымдары сенімді деп санайтын Газа Денсаулық сақтау министрлігінің есептеуіне негізделген.

Израиль Газа секторының оңтүстігінде шабуылын жалғастырып жатыр.

Ал халықаралық делдалдар кепілге алынған адамдарды босату үшін атысты тоқтатуға бар күш-жігерін салуда.

Әуе шабуылы кезінде БҰҰ гуманитарлық агенттігі БАПОР анклавқа аз мөлшерде азық-түлік жеткізуде қиындықтарға тап болғанын және палестиналықтардың аштыққа ұшырау қаупі жоғары екенін айтады.

Гуманитарлық жүк тиелген көліктер аймаққа кіре алмай жолда тұр. 

Ақ үй атыс тоқтай салысымен көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Израиль көздегені — ауруханалар мен басқа да гуманитарлық нысандардың астындағы туннельде жасырынған ХАМАС содырлары екенін айтады. 

Соңғы мәлімет бойынша, топ жетекшісі кепілге алынғандарды тірі қалқан ретінде пайдаланып, жерасты бункерлерінің бірінде жасырынып жүр.

Атысты тоқтату туралы келісім палестиналық тұтқындардың орнына кепілге алынған адамдарды босатуды көздейді.