Газадағы босқындар лагеріне жасалған соққыдан үш адам қаза тапты

АСТАНА.KAZINFORM - Газа секторының орталық бөлігіндегі Дейр-эль-Балах қаласындағы палестиналық босқындар лагеріне Израильдің соққы беруі салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 40 адам жарақат алды, деп жазады ТАСС.

	 Ближневосточный рубикон: смогут ли Израиль и Иран «сохранить лицо»
Фото: Sobhan Farajvan/Pacific Press/picture alliance

Катарлық Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, шабуыл әл-Ақса ауруханасының аумағындағы босқындарға арналған шатырлы лагерьге жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда ХАМАС содырлары Израильге шабуыл жасап, 1200 израильдік қаза тапқан қайғылы күнге бір жыл толды. Одан кейін Израиль Газа секторында бүгінгі күнге дейін әртүрлі әскери операциялар жасап келді. Нәтижесінде 40 мыңға жуық палестиналық пен жүздеген израильдік сарбаз қаза тапты.

2024 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап Израиль ливандық «Хезболла» ұйымына қарсы әскери операциясын күшейтті. Жыл бойы шабуыл жасалып, 18 қыркүйекте осы ұйым өкілдеріне тиесілі пейджерлер мен радиоқабылдағыштар жарылғаннан кейін соғыс қимылдары күшейді.

1 қазанда Иран Израильге зымырандық шабуыл жасап, аймақтық соғыстың шығу мүмкіндігін арттырды.