Газаның 900-ге жуық тұрғыны тамақ іздеп жүріп, мерт болды - БҰҰ

АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының мәліметтері бойынша, мамыр айының соңында Газада гуманитарлық көмекке қол жеткізбек болған кемінде 875 адам мерт болды.

Ғазо сектори
Фото: ЮНИСЕФ/M. Натил

Олардың көпшілігін – 614 адамды Газаның гуманитарлық қоры (GHF) ұйымдастырған азық-түлік тарататын орында атып өлтірген. Тағы 201 адам БҰҰ мен оның серіктестері ұйымдастырған бағыт бойында азық-түлікке қол жеткізбек болып жүріп, көз жұмды.

Соңғы оқиға Аш-Шакуш ауданында болды, онда азық-түлік алуға келген палестиналықтарға Израиль сарбаздары оқ жаудырған. Екі адам мерт болып, тоғыз адам жарақаттанды.

Гуманитарлық көмек шекарада тұрып қалды

БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек жөніндегі агенттігі гуманитарлық көмекті Газаға төрт айдан бері жеткізе алмай жатқандықтарын мәлімдеді.

Мысыр мен Иордания шекарасында қолдану мерзімі өтуге таяу қалған азық-түлік пен медициналық заттар тиелген 6 мың жүк көлігі тұр.

Батыс жағалау: «Үнсіз соғыс өршіп барады»

Окупацияланған батыс жағалауда Израиль әскерилері мен қоныстанушылар тарапынан зорлық-зомбылық күшейіп келеді. Бейбіт тұрғындар қаза болып жатыр, олардың арасында екі жастағы қыз егде жастағы ер адам бар.

БҰҰ мәліметтері бойынша, жыл басынан бері Израильдің «Темір қабырға» операциясының салдарынан 30 мыңға жуық палестиналық баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды. Үйлер сүріліп, жүріп-тұруға шектеу қойылып жатыр, кейдейлік пен жұмыссыздық өсіп келеді.

БҰҰ өкілдері Батыс жағалаудағы мәжбүрлеп көшіру көлемі 1967 жылдан кейінгі ең ірісі болып отырғандығын ескертті. Мұндай әрекеттер әскери қылмыс және этникалық «тазалау» болып бағалануы ықтимал.

Осыған дейін ХАМАС-тың Газаға арналған гуманитарлық көмек қорын жоюды талап еткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар