19:47, 12 Қараша 2013 | GMT +5
Газбен уланды деген күдікпен ауруханаға түскен БҚО-ның қос тұрғынына жәрдем көрсетілді
ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат - 10 қараша күні Ақжайық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне екі адам түскен.

Аудан орталығы Чапаев ауылындағы Фурманов көшесінде тұратын қос тұрғын тұрмыстық газдың бөлінуінен уланып, осындай күйге түскен болып шықты.
Зардап шеккендерге медициналық жәрдем көрсетілді.