Газетке жаздыру, өзге жұмысқа тарту - 5 жылда педагог құқығын бұзу деректері 3 есе азайған

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде соңғы 5 жылда мұғалімдердің құқығын бұзу деректері 3 есеге азайған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Шынар Акпарова айтты. 

мұғалім мен оқушы
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

— Бұған дейін көбіне педагогтерді мектептің жөндеу жұмыстарына, өзінің кәсіби міндетіне қатысты емес жұмыстарға тарту, газет-журналдарға жазу деректері кездесті. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қолданысқа енгеннен кейін және Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жанынан Әдеп кеңесі құрылғаннан кейін, яғни 2020-2025 жыл аралығында осындай фактілердің саны 3 есе азайып отыр, – деді ол ҚР Оқу-ағарту министрлігінде өткен кеңесте.

Газетке жаздыру, өзге жұмысқа тарту - 5 жылда педагог құқығын бұзу деректері 5 есе азайған
Фото: видеодан алынған скрин/Jibek Joly телеарнасы

Сонымен қатар спикер еліміздегі әр педагог аталған Әдеп кеңесіне хабарласып, өзінің құқығы бұзылғаны туралы шағым түсіре алатынын атап өтті.

Айта кетейік, елімізде мұғалімдер құқығы жиі бұзылатын 5 облыс белгілі болды.