Гебрейесус: ДДCҰ Сирияға дәрі-дәрмек жеткізу бойынша жұмыс істеп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Сириядағы соғысқа алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Report.

Гебрейесус: ДДCҰ Сирияға дәрі-дәрмек жеткізу бойынша жұмыс істеп жатыр
Фото: report.az

— Жағалаудағы және Сирияның орталық бөлігіндегі қақтығыстар қатты алаңдатады… ДДСҰ жарақат алғандарға шұғыл медициналық құралдар мен дәрі-дәрмек жеткізу бойынша жұмыс істеп жатыр, - деді ұйым басшысы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қақтығысқа қатысушы тараптарды медициналық көмек қажет ететіндерге жету үшін көмек көрсетуге шақырады, деп жазды ол.

Айта кетейік, Сирияның бірқатар қаласында жағдай шиеленісіп, түрлі топтар арасында қақтығыстар жүріп жатқанын хабарлаған едік. 

Сондай-ақ Сирияның уақытша президенті зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар