«Гефест» көмір өнеркәсібі кәсіпорны қауымдастығының басшысына мемлекетаралық іздеу жарияланды

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Гефест» көмір өнеркәсібі кәсіпорны қауымдастығының бастығы Елдар Закировқа мемлекетаралық іздеу жарияланды,
None
None

деп хабарлайды Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР Бас прокуратурасының тергеу тобы ҚР ҚК 193 бабы, 3 тармағы бойынша И.Закировқа қатысты қылмыстық іс қозғаған. Прокуратураның өтініші бойынша сот Е.Закировты «тұтқындау» шарасын бекіткен және оған қазір мемлекетаралық іздеу жарияланды», - деп түсіндірді қадағалаушы органның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда қауымдастық жетекшісінің тұрғылықты жері анықталуда, делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар