Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу заңмен негізделеді

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан заң жобасының негізгі мақсаты гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу және қазіргі заманғы биотехнология әдістерін қолдана отырып алынған генетикалық түрлендірілген объектілерді (ГТО) алумен, сынаумен, өндірумен, пайдаланумен және өткізумен байланысты қоғамдық қатынастарды регламенттеу болып табылады.
None
None

Бүгін Мәжілісте «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді

Үкіметтің берген түсіндірмесіне сүйенсек, заң жобасының реттеу мәні гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын, оларды биологиялық қауіпсіздік жағдайында жүзеге асыру қамтамасыз етілетін, ГТО-ның адам денсаулығына, биологиялық әртүрлілікке, экологиялық тепе-теңдікке және қоршаған ортаның сапасына қолайсыз әсер ету қатерінің алдын алуға, болдырмауға және азайтуға мүмкіндік беретін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Заң жобасы шеңберінде, жалпы гендік-инженерлік қызметті үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанынан құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен ғылыми ортаның өкілдері кіретін Үйлестіру орталығы құрылатын болады.

Заң жобасын қабылдау гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын әлеуетті қауіптердің пайда болуын қадағалау тетігін қалыптастыруға, гендік-инженерлік қызметті дамыту үшін жағдай жасауға, елдің биологиялық әртүрлілігін сақтауға және гендік-инженерлік қызметтің жекелеген түрлерін жүргізудің тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы ғылыми-құқықтық сараптамадан өткен.

Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Соңғы жаңалықтар