Геннадий Головкин 2025 жылы шаршы алаңға оралуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM –  Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) 2025 жылы кәсіпқой рингке қайта оралуы мүмкін.

Геннадий Головкин 2025 жылы шаршы алаңға оралуы мүмкін
Фото: boxingnews.com

boxingnews.com сайтының хабарлауынша, Сауд Арабиялық бай, бокс спортының инвесторы Турки Аль аш-Шейх Геннадий Головкинге рингке оралуға ұсыныс жасаған. 

Басылымның жазуынша, Головкинге рингке оралғаны үшін жақсы ақша уәде етілген. Сондай-ақ оған 2025 жылдың алғашқы жартысында төрт салмақта әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен (41-0-0,31КО) жұдырықтасуы керек.

Жекпе-жек туралы ақпарат бокс жанкүйерлерін елең еткізді. Ықтимал айқас Теренс Кроуфордтың мексикалық боксшы Сауль Альварес (61-2-2,39КО) арасындағы жекпе-жек алдындағы дайындығы болмақ. Себебі америкалық боксшы Алвареспен 168 фунд салмағында бокстасады. Ал Головкин оның орта салмақтағы (160 фунд) алғашқы қарсыласы және Альвареспен 3 рет қолғап түйістірген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бүгінде ҰОК президенті қызметін атқарып жүрген даңқты отандасымыз Геннадий Головкин Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында бокспен қош айтыспағанын айтқан болатын.

Сондай-ақ, боксшы Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін екенін айтқан. 

Айта кетейік, Теренс Кроуфорд соңғы жекпе-жегін 3 тамыз күні өзбекстандық Исраил Мадримовқа (10-1-1,7КО) қарсы өткізіп, супер жартылай орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар