Геннадий Головкин әлем чемпионы титулдарының бәрінен бас тартты

None
Photo: thesun.co.uk
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBO титулына 12 жылдан астам иелік етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Спорт Шредингера» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Кезекте соңғы болып беделі бойынша бесінші орындағы IBO белбеуі тұрған еді. Әлемнің абсолют чемпионы дәрежесіне IBO титулы қажет емес, сол себепті IBO чемпиондарының, әдетте, ресми қарсыластары болмайды және басқа ұйымдардың рейтингіне кіреді.
Головкин 12 жылдан астам IBO белбеуінің иесі болды. Оны 2011 жылдың 9 желтоқсанында Лахуан Саймонды жеңгеннен кейін иеленсе, ресми түрде 2018 жылы Сауль «Канело» Альварестен жеңілгеннен кейін айырылды. Бірақ Канело санкция төлеуден бас тартқандықтан, белбеуді ала алмады. Бос белбеуді Головкин 2019 жылы Сергей Деревянченкодан басым түсіп, қайта жеңіп алды.
IBO президенті Эд Левин былай деді: «Геннадий мен IBO арасындағы өзара сыйластық пен әріптестік 12 жыл, 22 жекпе-жекке жалғасты. 2011 жылдағыдай GGG орта салмақтағы үздік боксшы болып қала береді. Негізгі қарсыластары онымен айқасудан қашатын, қатарынан болған 15 нокаут оның себебін түсіндіріп тұрған тәрізді. Ешқашан нокдаунға түспеген күшті, тамаша боксшы».


Соңғы жаңалықтар