Геннадий Головкин Астанаға келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Астана қаласындағы мекемелердің бірінің ашылуына қатысқандығы белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Геннадий Головкин Астанаға келді

Шарада орта салмақты WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) түскен суретін өзінің Инстаграм парақшасында тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев жариялаған.

Танымал бокс жұлдызымен түскен суреттерін ашылу салтанатына шақырылған басқа да қонақтар әлеуметтік желілерде жариялады.

Бұғанға дейін қазақстандық БАҚ спортшының 10 маусым және 10 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне келетіндігін жариялаған болатын.