20:55, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Геннадий Головкин атыраулық боксшылар үшін шеберлік сабағын өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының шақыртуы бойынша дүниежүзіне белгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Атырау қаласына келеді.

«Аты аңызға айналған 34 жастағы боксшының сапары сәрсенбіге, 29 маусымға жоспарланған. Сапары аясында Головкин атыраулық жас боксшыларға арналған сабақ өткізеді. Сондай-ақ «Мұнайшы» орталық стадионында өтетін «Атырау» мен «Тобыл» (Тобыл) командалары арасындағы футбол бойынша Қазақстан чемпионатының күнтізбелік матчының қонағы болады», - деп хабарлады «Атырау» ФК баспасөз қызметі.