Геннадий Головкин футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жеңісімен құттықтады

Геннадий Головкин футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жеңісімен құттықтады
Фото: ашық дереккөз

Кеше Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан футбол командасы Финляндия құрамасын 2:1 есебімен жеңген болатын. Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ұлттық құраманың бұл жетістігін елеусіз қалдырмады. Kazinform бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Құттықтаймын! Алға, Қазақстан!», - деп жазды GGG Instagram парақшасында команданың бас бапкері Магомед Адиев пен ҚФФ аккаунтын белгілей отырып.

Естеріңізге сала кетейік, Финляндия құрамасын жеңгеннен кейін Қазақстан 15 ұпай жинап, H тобындағы турнир кестесінде үшінші орында. Сегіз турдан кейінгі командалардың көрсеткіші келесідей: Словения – 19 ұпай, Дания – 19 ұпай, Қазақстан – 15 ұпай, Финляндия – 12 ұпай, Солтүстік Ирландия – 6 ұпай, Сан-Марино – 0 ұпай.

 

Соңғы жаңалықтар