Геннадий Головкин Германияға барды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing ұйымы Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Германияның Франкфурт қаласына барды. Бұл туралы ҚР ҰОК хабарлады.

Геннадий Головкин
Фото: ҚР ҰОК

Сапар аясында Германия ҰОК-нің штаб-пәтерінде жұмыс кездесуі өтеді. Кездесуді ұйымдастырушылар қатарында Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Германия бокс федерациясының өкілдері де бар. Ресми кездесуге Қазақстан ҰОК-нің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысады.

Тараптар бірнеше сессия аясында спорттағы адалдық пен сәйкестік, олимпиадалық қозғалысты дамыту, Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы сияқты маңызды мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ спорттағы қауіпсіздік мәселелері көтеріліп, Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарын өткізу тәжірибесінен алынған нақты мысалдар қарастырылады.

Геннадий Головкин Қатар ҰОК басшысымен кездесу өткізгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар