21:08, 01 Маусым 2016 | GMT +5
Геннадий Головкин интернет-дүкен ашты
АСТАНА7 ҚазАқпарат - GGG белгісімен өнімді енді ресми интернет-дүкеннен сатып алуға болады, деп хабарлады Vesti.kz. Бұл туралы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өз твиттерінде жазды.

«Осы жерден тауар сатып алыңыздар, GGG командасының тобымен бірге болыңыз», - делінген хабарламада.
Интернет дүкен Shopggg.com. мекенжайында орналасқан. Әзірге ұсынылған тауарлар ассортименті аса көп емес. Сонымен, GGG логотипімен бейсболка 33 доллар, футболка 30 доллар тұрады.