12:49, 18 Қыркүйек 2022 | GMT +5
Геннадий Головкин қазақстандықтарға алғыс айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Генадий Головкин қазақстандықтарға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жерлестер, сіздерге көп рахмет! Бәріне қолдауларыңыз үшін шексіз алғыс айтамын! Бірге біз мықтымыз!», - деп жазды боксшы желідегіпарақшасында.
Ал Головкин өзіне үйреншікті бірінші орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлі де әлем чемпионы болып есептеледі.
Мексикалықтың кәсіпқой алаңдағы статистикасы 58:2:2 болып жаңарса, қазақстандықтың статистикасы 43:2:1 болып өзгерді.
Еске салсақ, Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жекке де шығуға әзір екенін мәлімдеген.
Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі 4 жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтатын болды.
Видеодан алын ғ ан кадр