Геннадий Головкин: Мен мұндай айқасты кәсіби мансабымның басынан армандадым
АСТАНА.ҚазАқпарат - Бірнеше тұжырымдар бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин алдағы Саул Альвареспен болатын жекпе-жектің өзі үшін қаншалықты маңызды екендігін айтты, деп жазады Sports.kz.
«Бұл менің кәсіби боксшы атанған сәтімнен бергі армандап келе жатқан жекпе-жегім. Бұл шын мәнінде чемпиондық деңгейде болады және біз жанкүйерлерімізге қызықты жекпе-жек сыйлаймыз», - дейді GGG.