Геннадий Головкин - World Expo 2017 көрмесінің елшісі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF/IBO/WBA нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин World Expo 2017 көрмесінің ресми елшісі атанды.

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Спортшыға бұл құрметті атақ Вашингтонда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын салтанатты рәсімде ресми түрде табысталады. Головкин World Expo 2017 салтанатына қатысу үшін өзінің жаттығуын уақытша үзді.

Еске сала кетсек, Геннадий өзінің келесі айқасын Доминик Уэйдпен өткізеді. 

Соңғы жаңалықтар