23:19, 09 Сәуір 2022 | GMT +5
Геннадий Головкин жекпе-жектен кейін Риота Муратаға шапанын сыйға тартты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Геннадий Головкин жапондық қарсыласы Риота Муратаға жекпе-жектен кейін шапанын тарту етті, ол бұрын ешбір қарсыласына мұндай құрмет көрсетпеген болатын, деп жазады ҚазАқпарат.

Жекпе-жектен кейін Геннадий қарсыласының иығына өзінің төл стильдегі шапанын жапты. Ол бұған дейін әр жекпе-жекке осы шапанын киіп шығатын еді.
«Қарсыласыма зор құрмет! Ол чемпион және чемпион болып қала береді», - деп жазды WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Instagram парақшасында.
Көпшілік қазақстандық былғары қолғап шеберінің бұл әрекетіне мол қошамет көрсетіп, ризашылығын танытты.
Айта кетейік, жекпе-жек аяқтала салысымен Геннадий Головкин Риота Мурата туралы пікір білдірген болатын.