Геннадий Головкинге ҚР Президентінің құттықтау хаты табысталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте Геннадий Головкинге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хаты табысталды.
None
None

«Мен Қазақстанды сүйемін. Президент Н.Назарбаевтан құттықтау хат алдым», - деп жазды Г. Головкин Твиттерде. Ол сондай-ақ өзімен бірге түскен Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы өкілінің суретін жариялады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкиннің WBA, IBO, IBF және WBC interim нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулы үшін кездесулердегі жеңісі үшін жолдаған.

Мемлекет басшысы Г.Головкин оның жеңісіне кәміл сенген барлық қазақстандықтардың сенімін ақтағанын атап өткен.

Соңғы жаңалықтар