Геннадий Головкинге WBC-тің арнайы белдігі тапсырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жекті тең аяқтаған қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белдігін сақтап қалды. Бұдан бөлек, Головкин WBC президенті Маурисио Сулейманнан «Канеломен» айқас үшін арнайы жасатылған белдікті алды. 
None
None

«Бұл эмоцияларға толы естен кетпес айқас болды. Бұл кеш боксқа өз жанкүйерлерін қайтаруға септігін тигізеді. Тең жекпе-жекке қарамастан, Геннадий орта салмақтағы біздің  чемпионымыз болып қалатынын мақтан етеміз», - деді Сулейман.

Еске салайық, Альварес Дүниежүзілік бокс кеңесімен өткен жылғы дау-дамайға байланысты GGG-мен айқас басталмай жатып-ақ WBC-тің қарапайым және арнайы белдіктерінен бас тартқан болатын.

Ақпарат көзі: sports.kz  

Соңғы жаңалықтар