Геодезиялық картографиялық карталар қазіргі жағдайға сәйкес келмейді - Ө.Өзбеков

АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еліміздегі геодезия және картография саласындағы карталардың 80 пайызға жуығы жергілікті аймақтардың қазіргі жағдайына және мемлекеттік топономикаға сәйкес келмейді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков айтты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, мемлекеттік топографиялық карталардың  жаңартылуынан гөрі ескіруі жылдам. Ал оның соңы экономикаға зиянын тигізіп, кей жағдайда тіпті орны толмас шығындарға алып келуі  мүмкін. «2008  жылы мемлекеттік топографиялық карталарды жаңарту үшін 42 мың шақырым ауданда Ақмола облысы мен Астана қаласы бойынша аэротүсірілімдер түсіріліп, 997 топографиялық карта парақтары жаңартылды. 1004 карта парақтары қайта басылып шығып, мемлекеттік тілде 1024 топографиялық карта жасалды. Сондай-ақ экономикаға қажетті түрлі тақырыптық карталар жасалып, 971 мемлекеттік геодезиялық желілер тексерілді. Еліміздің Каспий теңізі қойнауының қазақстандық бөлігінің ірі масштабымен байланысты теңіз картасын жасау мақсатында 7,5 мың шаршы шақырым ауданда геодезиялық және картографиялық жұмыстар басталды. Алматы, Шілік, Жамбыл, Зайсан геодинамикалық полигондарында жоғары дәлдікті геодезиялық өлшеулер жалғасуда» - деді Ө.Өзбеков.

Оның айтуынша, агенттік өкілдері географиялық атауларды ұлттық стандарттауға қатысты БҰҰ-ның қарарын жүзеге асыру мақсатында  2002 жылдан бері географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын жасаумен айналысып келеді. «Осы уақытта республикамыздың он облысында осындай каталогтар жасалған. Оның ішінде 8 облыс бойынша каталог мемлекеттік тілде дайындалды», - деді агенттік басшысы.

Соңғы жаңалықтар