Германия Еуроодақ елдері ішіндегі Қазақстанның басты сауда әріптесі - Германия өкілі

АЛМАТЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Германия Қазақстанның Еуроодақ елдері ішіндегі басты сауда әріптесі болып табылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Германия экономикасы өкілдігінің Орталық Азия бойынша басшысы Йорг Хетч айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Й.Хетчтің айтуынша, Германияның Орталық Азия елдерімен сауда айналымының 90 пайызы Қазақстанның үлесіне тиеді. Мәселен, 2007 жылы Германияның Орталық Азия елдерімен сауда айналымы 5,7 миллиард еуроны құраған, оның Қазақстандағы үлесі 5,1 миллиард еуро. Екі жақты сауда айналымы 2008 жылдың қорытындысы бойынша өсіп, 6 миллиард еуроны құраған. Германия тарапының Қазақстанға жеткізетін тауарлар денін электр тауарлары, станоктар, көлік құралдары құраса, Қазақстаннан мұнай, темір, химиялық шикізаттар жөнелтіледі. «Германияның Қазақстандағы инвестициясы көлемі 670 миллион еуро. Бұның негізгілері құрылыс, сауда, инфрақұрылымдарды дамыту саласына салынып отыр», дейді Й.Хетч. Жалпы алғанда Германиялық үлеспен 500 кәсіпорын құрылған, оның 160-ының Қазақстанда тұрақты өкілдігі бар. «Жақында Берлинде өткен бизнес форум германиялық компаниялардың Қазақстан тарапына қызығушылығы артып отырғанын көрсетті», дейді ол.
Соңғы жаңалықтар