Германия Қазақстандағы экономикалық өзгерістерге қызығушылық танытып отыр - Райнер Линднер

Отырысқа Қазақстан мен Германия қоғамдық-саяси, іскер және сарапшылар топтарының көрнекті өкілдері жиналды. Қазақстандық тараптан ҚР ГФР Елшісі Болат Нүсіпов, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұханов қатысты. Өз сөзінде Германиядағы Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауының жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаттары және міндеттерімен таныстырды. Негізгі баяндамашы ретінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау еліміздің Жаңа экономикалық саясаты шеңберінде Германияның іскер топтары үшін кең мүмкіндік ашатын нақты жобалар туралы мәлімдеді. Ол өндірістік және ғылыми-техникалық әлует пен зор табиғи ресурстары бар 170 миллион адамның басын біріктірген ЕАЭО ортақ нарығындағы негізгі аспектілермен таныстырды. Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Райнер Линднер Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі екенін айтып, еліміздегі экономикалық өзгерістерге қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.