Германия Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіру мүмкіндігін құптайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия Қазақстанның Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымына (ЭЫДҰ) кіру мүмкіндігін құптайды, деп хабарлады 24.kz.
None
None

Неміс сарапшылары біздің елдің әлеуеті бар деп санайды және тәжірибе бөлісуге әзір.

Халықаралық элиталық клубқа еуропалық ел 1961 жылы кірген еді.

Германия ЭЫДҰ-ға жарты ғасыр бұрын алғашқылардың бірі болып мүше болды. Осы жылдары ел ауқымды нәтижелерге қол жеткізді. Қосылған сәттен бастап халықтың жан басында шаққандағы ІЖӨ 45 пайызға, яғни 35 мың еуроға өсті. Өнім экспорты 3 есеге өсіп, триллион еуродан асты. Сондай-ақ Германия тәуелсіздігі тарихында жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткішіне (6,2 пайыз) қол жеткізді. Сарапшылардың айтуынша, осылардың барлығы әлемнің жетекші экономикасының бірыңғай стандарты болып, тығыз өзара іс-қимылдың арқасында мүмкін болған.

Көптеген әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша Германия ЭЫДҰ-дағы өз әріптестерінен озық тұр. Мысалы, немістер жылына орташа 43 мың АҚШ долларынан астам жалақы алса, бұл элиталық клуб елдері арасындағы орташа көрсеткіштен асып түседі. Бұл ретте ер адамдар әйелдерге қарағанда жалақыны 16,6 пайыз жоғары алады. Жұмыспен еңбекке қабілетті халықтың басым бөлігі (73 пайызы) қамтамасыз етілген.

Германия тек бірнеше ұстаным бойынша ғана қалып келеді. Мысалы, бала туу көрсеткіші жағынан. Олар көбінесе 30 жастарында ғана ана болуға шешім қабылдайды. 40 пайызы бала-шағасыз өмір сүруде. ЭЫДҰ зерттеуіне сәйкес, көбіне жоғары білімі бар әйелдер бала тумайды. Тұтастай Германия азаматтары өмір сүру деңгейлеріне көңілдері толады, яғни ықтимал 10-ның 7 балы.

Соңғы жаңалықтар