Германия консулы Таразға келеді

ТАРАЗ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Таразға Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Ханс-Юрген Кайльхольц сапармен келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар барысында Бас консул Жамбыл облысының әкімімен кездеседі. Сондай-ақ Консулға еріп келетін делегация өкілдерінің облыс кәсіпкерлерімен және М.-Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің басшылығымен кездесулері жоспарланып отыр. Германия делегациясы Тараздағы Достық үйінде облыстық неміс қоғамының өкілдерімен де кездеседі.
Соңғы жаңалықтар