Германия мамандары қыста жылуды үнемдеуге шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиядағы газ қоймалары жақсы толтырылғанымен, қыс мезгілінде елді энергиямен қамтамасыз етуде қауіп басым. Сол себепті неміс мамандары халықты қыс маусымында электр энергиясын үнемдеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW агенттігіне сілтеме жасап.
Федералды желі агенттігінің (Bundesnetzagentur, BNetzA) басшысы Клаус Мюллер биылғы қыста Германияның газ жеткізуіне қауіп төнетінін ескертіп, азаматтарды энергияны үнемдеуге шақырды.
«Сақтау қоймалары 94 пайызға толы және бізде баламалы жеткізу көздері бар. Сондықтан келесі қысқа оптимистік көзқараспен қарай аламыз. Бірақ олай айтуға ерте, қатер әлі де сақталады», - деді ол.
Мюллер Ресей әлі күнге дейін Оңтүстік-Шығыс Еуропаға газ жеткізуді жалғастыратынын атап өтті.
«Алайда, бұл жеткізілім тоқтаса, мұндай елдер басқа көздерден газ жеткізілімін қажет етеді. Ондай жағдайда Германия маңызды рөл атқарады», - деді шенеунік.
Ол үй иелері мен жалға алушыларды «қысқа барынша дайындалуға» шақырды.
Мысалы, олар газды жылытуды оңтайлы реттеуі керек.
«Газ дағдарыс алдындағы кезеңнен айтарлықтай қымбат, - деді Мюллер. – Газды үнемдеу - ақша үнемдеп, климатты жақсартуға ғана емес, сонымен бірге сенімді жеткізуді қамтамасыз етуге көмектеседі».