Германия мен Австрия карантин мерзімін ұзартты

Алайда карантинді үнемі ұзартып отыру шаралары наразылық тудыртып отыр. Берлин қаласында туристік және қонақүй саласының қызметкерлері манифестацияға шықты. Олар биліктен икемділікті талап етуде. Осылайша, кеше неміс билігі Балеар аралдарын қауіпті аймақтар тізімінен алып тастаған соң, неміс жұрты сол жаққа асыға бет алды – олардың көбі демалысты туған елде өткізуге дайын екенін, бірақ өздерінде амал қалмағанын ашық айтты.
Өз кезегінде, Еуроодақ Мадридті шектеу шараларын тым қысқартпауға, елге келіп жатқан туристер ағынын жан-жақты қадағалауға шақырды: қазіргі кезде Испанияның түрлі аймақтары барлары әлі ашық тұрған Еуропа елдерінен қонақтарды көптеп қабылдауда.
Осылайша, Австрияда шектеу шаралары бұрынғыдай сақталып қалатынын жариялады.Олар әлі кем дегенде батыс Пасхасы – сәуір айының бірінші демалыстарына дейін ұзартылады. Бұдан кейін Вена әрбір аймаққа карантинге қатысты шешімді өздігінен қабылдау құқығын беруге уәде етуде.
Босния жұртының да өз үкіметінің әрекеттеріне көңілі толмай жүр. Баня-Лукада барлар, мейрамханалар мен қонақүйлердің иелері наразылық шараларына шығып, мемлекеттік көмек көрсету талабын білдірді. Босниядағы жағдай тым күрделі: елде вакциналау әлі басталған жоқ, ал ауруға шалдыққан адамдар саны соңғы екі аптада күрт өскен, ауруханаларда науқастарды жатқызатын орын азайып барады.