Германия мен Қазақстан өте табысты сауда әріптесі ? Германияның Орталық Азиядағы экономикалық өкілдігі

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Даурен Жайлин / – Германия мен Қазақстан, ең алдымен, өте табысты әріптес болып табылады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративтік Республикасына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Германияның Орталық Азиядағы экономикалық өкілдігі басшысының орынбасары, Қазақстандағы өкіл Ғалия Жүнісәлиева
None
None
ҚазАқпарат тілшісіне берген өзінің сұхбатында айтты.? Сіздің пікіріңізше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында Берлинге жасаған сапарының қорытындыларын қалайша бағалауға болады? Оның барысында қол жеткізілген уағдаластық жаңа инвестициялық жобаларды өміршең ете ала ма? Сіздің көзқарасыңызша, Қазақстан Республикасы Президентінің Германияға жасаған сапарының экономикалық бөлігі қаншалықты сәтті болды? ? Ең алдымен жалпы алғанда Қазақстанның Германиядағы және Еуроодақтағы, әсіресе біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі алдында беделін арттыруға қатысты нәтижелерді, сөзсіз жағымды деп бағалауға болады.Экономикалық бөлікке қатысты айтар болсақ, ағымдағы жылғы ақпанның үшінде Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен экономикалық форум болып өтті, ол Германияның іскер ортасы тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Егер жаңа инвестициялық жобалар туралы айтар болсақ, экономиканы әртараптандыруды, әсіресе қайта өңдеуші сала үшін өндірістік инфрақұрылым құруды назарға алу керек. Бірақ нәтижелер туралы, әсіресе Германияның экономикасы да бастан кешіп отырған жаһандық дағдарыс жағдайында айта қою әлі ерте. Неміс кәсіпкерлері өнімдерді сату үшін де және өндірісті орналастыру үшін де перспективалы рыноктарды жүргізетін және одан әрі іздейтін болады. Қазақстандық фирмалар да еуропалық және әлемдік рыноктарға шығуды барынша іздеcтіріп жатыр. ? Сіз екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйіне қалайша сипаттама берген болар едіңіз?? Германия қазақстандық импортта дәстүр бойынша Ресейден кейінгі екінші орынды иеленіп келді. Соңғы жылдары бұл жағдай Қытайдың пайдасына қарай біршама өзгерді. Германия қазір қазақстандық импорт бойынша үшінші орында тұр. Даму перспективасы инвестициялық және сауда секторында да серпін алып келеді. Қазақстанның инновациялық және индустриялық даму стратегиясын, сондай-ақ Германияның қазіргі заманауи индустриялық дамуды елестету мүмкін емес мәшинелер мен технологияларды маңызды жеткізіп беруші факторын ескергенде ілгерілеу баршылық.Қазақстан қазір Орталық Азияның экономикалық жетекшісі болып табылады. Осы аймақтағы елдерге деген Еуроодақ тарапынан қызығушылық күшейе түсуде және Қазақстанмен экономикалық қатынастардың қарқындылығы мен тиімділігі Германия мен Орталық Азияның басқа елдері, ең алдымен Өзбекстанмен арасында өзара экономикалық мүдделерге серпін және одан әрі өсу береді деп ұйғаруға болады. ? Қазақстан экономикасының қандай салалары неміс бизнесі үшін ең тартымды болып табылады? Бұрынғыша дәстүрлі мұнай саласы ма?? Германия мұнай өндіруші ел болмағандықтан және осы салада әлемнің барлық елдерінде жұмыс істейтін ірі компанияларының жоқтығынан Қазақстандағы мұнай секторына оның қатысу үлесі ешқашан үлкен болған емес. Ішінара бұл Германия Қазақстандағы инвестицияларда неге күшті емес деген дәстүрлі сұраққа қайтарылған жауап болмақшы. Мұнай-газ кешеніне Германия әр кезде де, ең алдымен энергия ресурстарын тұтынушы ретінде қызығушылық танытып келді. Егер өзара сауда-саттықтың құрылымына көз жіберіп қарайтын болсақ, Сіз бұған, мысалы, Қазақстанның пайдасына сауда айналымында тұрақты жағымды сальдоға бірден дәлел табасыз.Егер қайта өңдеу саласын, өндірістік инфрақұрылымды, жаңа технологияларды, фармацияны, мәшине жасауды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді, құрылыс индустриясын және т.б. алатын болсақ инвестиция үшін де және сауданы дамыту үшін де көптеген әлеуетті мүмкіндіктерді табуға болады.? Сіз экономика саласындағы бірлескен жобалардың қазірдің өзінде іске асырылып отырған ең маңыздыларын атап бере аласыз ба?-«Кнауф» фирмасының барлық жобаларын, металургиялық кремний жасау жөніндегі «Тиссен-Крупп» концернінің Қазақстан тарапымен бірлескен жобаларын, қазақстандық менеджерлерді оқыту жөніндегі бағдарламаларды, қазақстандық «Бент» компаниясының «Фоссо» фирмасымен ынтымақтастығын, сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы көптеген ынтымақтастықтарды атап өтуге болады.- Екі ел арасындағы іскерлік байланысты бұдан әрі нығайту үшін қандай мәселелер айрықша маңызды саналады?- Бұл тұрғыдан алып қарағанда, пәлендей бір тосқауыл болып отырған мәселе жоқ. Өзара іскерлік байланыстар қандай да бір, кереғар сипат алмауы үшін, екі ел экономикасын қатар дамытудың барлық мүмкіндіктерін бұдан да тереңірек игеруіміз керек шығар. Іс жүзінде Қазақстан мен Германия мақсаттары ортақ әріптестер. Іскерлік байланыстың келешегіне тоқталар болсақ, Қазақстан индустриялық тұрғыда дамуға ұмтылуда, ал индустриялық даму үшін Германия қолынан келген мүмкіндіктің бәрін жасап: технологияны, ноу-хауды, тәжірибесін, оның ішінде, әсіресе, мамандарды оқыту мәселелерін ұсынуда. Қалай дегенмен де, еңбек және қызмет көрсету саласы белгілі бір деңгейде бөлінетін болғандықтан, әркім өз экономикасын дамыту барысында, алдымен әріптестік байланысты дұрыс қалыптастыра білуі тиіс. Бұл жерде, ақша немесе өнімнің бағасы туралы айтылып отырған жоқ, бұл жерде, экономиканың қай саласын болмасын дамытуда ұзақ мерзімдік ынтымақтастық орнату және оның келешегі туралы сөз қозғалып отыр.- ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов журналистерге берген сұхбатында Берлиндегі бірлескен бизнес-форум ауқымында қазақстандық компаниялардың Германия экономикасына инвестиция салуын көздейтін келісімге қол қою туралы ұсыныс жасалғанын айтты. Германия инвестициялық нысан ретінде қазақстандық бизнестің қаншалықты қызығушылығын тудырып отыр? - Германия ? техника мен технологияны дамытуда өте жоғары көрсеткішке қол жеткізген және экспорттауда «Әлем чемпионы» ретінде танымал ел. Егер, экономика саласын сараптайтын болсақ, негізгі өнімді шағын және орта кәсіпкерлердің өндіретінін көреміз. Сондай-ақ, қай саланы дамытамыз немесе не өндіреміз, одан әрі инвестицияны қай салаға бағыттаймыз, міне осыларды біз алдын ала және анық болжап, біліп отыруымыз керек. Дағдарыс жағдайында, көптеген неміс фирмалары бірегей кәсіпорындарды қалай сақтап қалу қажет, деген мәселені шешіп алу жағдайында тұр. Қалыптасып отырған жағдайда сөз жоқ, инвестицияға қажеттілік арта түсті, сондықтан да бізде бірқатар ұсыныстар бар, жоғары технологиялық кәсіпорындар өз үлестерін сату үшін әріптестер іздейді немесе ынтымақтастықтың басқа да нұсқаларын ұсынады. Германияға инвестиция ? бұл, өз өнімдерінің сапасын арттырудың тартымды мүмкіндігі және сапалы тауармен халықаралық рынокқа шығудың бірден-бір сара жолы. Германияға инвестиция туралы толық ақпаратты, сауда және инвестиция жөніндегі неміс қоғамдастығынан, яғни GTAI-дан алуға болады, олармен біз тығыз байланыстамыз. - Қазақстанның Германиядағы жылы ауқымында осы жерде ҚР-ның экономика күндері өтетіні белгілі. Өкілдік 2009 жылы қандай шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр?- Біз осы жылы көптеген федералдық жерлерде, атап айтқанда, мәселен Баварияда, Саксонияда, Баден-Вюрттембергте, Солтүстік Рейн-Вестфалияда, Гессенде және басқа да қалаларда Қазақстанның экономикасы күндерін немесе Қазақстан мен Орталық Азияның экономикалық күндерін өткіземіз. Наурыздың соңына таман Астанада энергетикалық форумның біріккен отырысы өтпек, оған дайындық шараларына біздің өкілдік те қатысып жатыр. Алдағы қыркүйекте Германияның экономика клубымен бірлескен, Германия экономикасының Қазақстандағы кезекті 11-ші күні ұйымдастырылмақ. Қазіргі кездері, елшілік пен біздің елімізде жұмыс жасап жатқан басқа да ұйымдар бірлесіп, Германияның Қазақстандағы жылы шарасының бағдарламалары әзірленіп жатыр. Мұның барлығы, жасалынып жатқан жұмыстардың толық тізімі емес, тек ресми жоспарланған шаралардың бір бөлігі ғана. Сонымен қатар, жекелеген ірі компаниялар мен іскерлер делегациясының Қазақстанның әр аймағына ынтымақтастық жөніндегі жұмыс сапарлары жоспарланған. Осының барлығы, дағдарысқа қатысты мәселелерге қарамастан экономикалық ынтымақтастықты дамытуға деген өзара қызығушылықтың арта түсуіне жол ашып отыр, деп айтуға толық негіз бар.- Әңгімеңізге рахмет.
Соңғы жаңалықтар