00:39, 08 Маусым 2024 | GMT +5
Германия полициясы жоғалып кеткен қазақстандық судьяны іздеуге кірісті
АСТАНА. KAZINFORM — Германия полициясы хабар-ошарсыз кеткен Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваны іздеуге кірісті.

Бұған дейін экс-судьяның жоғалып кеткенін оның ағасы Қанат Сайлыбаев БАҚ-қа хабарлаған болатын.
Оның айтуынша, Айгүл ұзақ уақыт бойы күйеуі Александр Донцов пен оның анасы тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келген.
Әйелдің отбасы Қазақстанның Франкфурттағы консулдығына жүгінді.
Жағдайға ҚР Сыртқы істер министрлігі түсінік берді.
— Іс Германиядағы дипломаттарымыздың бақылауында. Жергілікті полиция іздестіру шараларын бастады. Консул осы азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста, — деп хабарлады ведомстводан.