Германия Польша мен Чехия шекарасындағы бақылауды күшейтті

Германияның Ішкі істер министрлігі шекарадағы бақылаудың мақсаты «контрабандистерге барынша қысым көрсету» және адамдарды қорғау екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Германия Польша мен Чехия шекарасындағы бақылауды күшейтті
Фото: Frank Hoermann/SvenSimon/picture alliance

Неміс басылымы сәрсенбі күні Германия Польша мен Чехия шекарасында «контрабанда маршруттарын» полицейлердің торуылдауы күшейетінін жазды. Бұл қадам Германияның елге заңсыз мигранттар кіріп кетпес үшін жасалып отыр. Жақында мигранттар ағынының артуы Германия ішінде саяси дебат тудырып, канцлер Олаф Шольц басқаратын ел үкіметіне қысым болды.

ГФР Ішкі істер министрлігі Нэнси Фейзер операцияға қанша полиция қызметкері тартылатынын нақтылаған жоқ. Бірақ бақылау шаралары осы аптада күшіне енетінін ескертті. «Менің мақсатым – контрабандашыларға қысымды күшейтіп, адамдарды қорғау», - деді ол.

Дегенмен Н.Фейзер бұл қадам шекара бақылауы үнемі жүргізіліп тұратынын білдірмейді деді. Германия мұндай шараларды 2015 жылы Аустриямен шекара бақылауы күшейген кезде қолданған болатын.

Ішкі істер министрі қабылданған жаңа шаралар тиімді болмаса, болашақта қатаң бақылау енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Германия муниципалитеттері федералдық үкіметті мигранттарға шамасы жету үшін көбірек қаржы бөлуге шақырды. Себебі оларды жатын орын мен қызметтермен қамтамасыз ету жүктемесі артқан.

Оқиға 2015 жылғы жағдайға ұқсайды. Сол кезде Германия Таяу Шығыстағы соғыстан қашқан 1 млн астам қашқынды қабылдаған болатын, деп атап өтті немістік БАҚ.

Германияның оппозициялық партиялары да пана сұраушылардың санын қысқартуға шақырды, ал Бавария премьер-министрі Маркус Зедер пана сұраушылардың жылдық шекті нормасын 200 адам деп бекітуді ұсынды. Сондай-ақ Берлиннің миграцияны бақылау мен мигранттар ағынына қатысты қайшылықтары бар.

Екі апта бұрын Германия келген мигранттар туралы Италиямен келісімді тоқтатпақ болып, Римді ережені сақтамады деп айыптады. Ереже бойынша пана ұсыну туралы өтініш алғаш келген ЕО елінде қаралуы керек. Ал Италия премьер-министрі Джорджия Мелони Германия үкіметін «Италия аумағында заңсыз мигранттарды қабылдаумен және Жерорта теңізінде құтқарумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға» қаржылық қолдау көрсетті деп сынға алды.

Екі ел де ЕО деңгейінде мәселенің шешімі табылады деген үмітте. Ал мұнда Еуроодақтың миграция мен пана ұсыну саласындағы саясатты реттеу амалы Еуроодақтың 27 елі арасындағы келіспеушілік салдарынан тоқтап қалды.

Соңғы жаңалықтар