Германия прокуратурасында миллиондаған қаралмаған істер жиналып қалған
АСТАНА. KAZINFORM – Германияның тергеу органдары мен қылмыстық соттарында жұмыс көбейген. 2024 жылы прокуратураға екінші жыл қатарынан 5,5 млн жаңа іс түсті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 515 мыңға көп, деп хабарлайы DW.
Бұл туралы Неміс соттары қауымдастығына сілтеме жасай отырып, Bild am Sonntag басылымы хабарлайды.
Оған сәйкес, 2024 жылдың соңына қарай прокурорларда қаралмаған 950 іс жиналып қалған. Істердің өндірісі көбіне тоқтатылған, деп хабарлайды BamS.
2024 жылы 26 істің тек біреуінде ғана сотта айып тағылды (салыстырмалы түрде алғанда 2014 жылы 10-ның біреуі ғана).
DRB сот жүйесіне ауқымды инвестиция салуға шақырды.
-Тергеу органдары мен соттардың бұл проблемасын кейінге қалдыруға болмайды,-деп мәлімдеді қауымдастық басшысы Свен Ребен.
Оның сөзінше, федералды үкімет покуратураны нығайту мен сот ісін жеделдетуге жарты миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр. Сол себепті федералды жерлер күзде кадрлық науқан жүргізіп, сот жүйесінде қосымша лауазымдар құруы керек.
Осыған дейін соттардың тұрғындарды алаяқтардан қалай қорғайтыны туралы жаздық.