19:18, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Германия Үкіметі банктерді мемлекет меншігіне алуды мақұлдады
МӘСКЕУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат – Германия Үкіметі банкроттық қаупі төнген банктерді мемлекет меншігіне алуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Бұл құжаттың қолданылатын мерзімі ? жарты жыл болмақ. Ол Мюнхеннің Hypo Real Estate ипотекалық банкін құтқару үшін ғана қолданылады. Мемлекеттің қаржылық қолдауына қарамастан, банк қиындықтардан шыға алмай отыр. Егер Бундестаг мақұлдаса, заң жобасы күшіне енеді.