Германия жасыл энергетикаға берілетін субсидияларды қысқартқысы келеді

АСТАНА. KAZINFORM – Германия билігі экономикалық тиімділік үшін «жасыл энергетикаға» берілетін субсидияларды қысқартқысы келеді, деп хабарлайды DW.

Германия жасыл энергетикаға берілетін субсидияларды қысқартқысы келеді
Фото: UzA ақпарат агенттігі

Бұл туралы Германия экономика министрі Катерина Райхе жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағдарламасына арналған ведомство есебін таныстыру барысында мәлімдеді.

— Энергетикалық ауысым тек неғұрлым прагматикалық әрі шынайы көзқарас кезінде ғана табысты бола алады, — деді ХДС консервативтік партиясының өкілі.

Райхенің айтуынша, «жасыл энергетика» саласындағы кез келген шаралар нарыққа, технологиялық әртүрлілікке және инновацияларға бағытталуы тиіс.

Қолданыстағы қолдау тетіктері қайта қаралуы керек, ал субсидиялар, соның ішінде күн электр станцияларына берілетіндері де, жүйелі түрде қысқартылуы қажет екенін министр ерекше атап өтті. 

— Мұндай төлемдер «олардың экономикалық тиімділігін бағалау мақсатында тұрақты түрде қайта қаралып, ең қажетті деңгейге дейін қысқартылуы тиіс, — деді Райхе.

Жаңартылатын энергия көздері саласының өкілдері, сондай-ақ бірқатар коалициялық саясаткер Райхені «жасыл энергетика» саласындағы мониторингті әдейі солай ұйымдастырып, энергетикалық ауысымға кедергі келтіру үшін дәлелдер жинап отыр деп айыптады.

Айта кетелік ЭЫДҰ басшысы Матиас Корманн Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуда көшбасшылық танытып отыр деген еді

 

Соңғы жаңалықтар