Германия жазғы уақытқа көшті
АСТАНА. KAZINFORM — 29 наурызға қараған түні Еуроодақ елдерінде сағат тілі бір сағат алға жылжытылды, деп хабарлайды DW.
Олардың қатарында Ұлыбритания, Украина, Молдова және Еуропаның көпшілік мемлекеттері бар. Дегенмен Исландия, Түркия, Беларусь және Ресей елдерінде сағат ауыстырылмайды.
Берлин уақыты бойынша бұл өзгеріс түнгі сағат 02:00-де жүзеге асты. Енді жазғы уақыт кезеңінде Берлин мен Мәскеу арасындағы уақыт айырмашылығы 1 сағатты құрайды. Ал қысқы уақытта бұл айырмашылық 2 сағат болған.
Сонымен қатар, 2025 жылы Forsa жүргізген сауалнамаға сәйкес, немістердің тек 23%-ы уақыт ауыстырудың пайдасы бар деп санайды.
Респонденттердің 74%-ы бұл тәжірибені жоюды қолдайды, ал 30%-ы сағат тілін ауыстырудың салдарынан ұйқының бұзылуы мен көңіл-күйдің төмендеуін сезінетінін айтқан.
Бұған дейін хабарланғандай, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елдегі уақыт белдеуін ауыстырудың салдары туралы зерттеудің аяқсыз қалғанын түсіндірді.