Германияда 30 мыңға жуық жұмыс орны қысқаруы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Баварияда күрделі экономикалық жағдай мен құрылымдық өзгерістерге байланысты металл өңдеу және электр өнеркәсібіндегі 30 мыңға жуық жұмыс орны қысқаруы мүмкін. Бұл туралы IG Metall кәсіподағына сілтеме жасаған Die Zeit басылымы хабарлады, деп жазды Report.

Германияда 30 мыңға жуық жұмыс орны қысқаруы мүмкін
Фото: Report

Ұйымның аймақтық кеңсесінің басшысы Хорст Отт Баварияда жұмыс істейтін компаниялар 32 000 жұмыс орнын қысқартқанын атап өтті. Бір ғана автомобиль өнеркәсібінде жұмыстан босату компаниялардың 54%-ына әсер етеді.

Елде жұмыс орындары қысқаруымен қатар, дәл қазіргі уақытта 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Хорст Оттың айтуынша, қорғаныс саласын дамыту бұл проблеманы әзірге шеше алмайды. Есептеуінше, автомобиль саласындағы әрбір 10 жұмысшыға қорғаныс саласында бір ғана жаңа жұмыс орны ашылған.

Айта кетейік, Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ға жетті. Елде жекеменшік сектордағы жалақы өсімінің қарқыны баяулап, соңғы бес жылдағы ең төмен деңгейге түскен.

Мұндай жағдай өзге мемлекеттерде де орын алды. Мәселен АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейі қарашада 4,6%-ға дейін ұлғайып, 2021 жылдың қазан айынан бері ең жоғары көрсеткішке жеткен. Жұмыссыздар саны Финляндия мен Швецияда да артып отыр. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум