Германияда 46 миллион адам жұмыс істейді, тағы 749 мың жұмысшы керек

Жұмыспен қамту одан да көп болуы мүмкін, себебі қазір елде 749 мың бос жұмыс орны бар.
Неміс жұмыс берушілері орташа есеппен бес айдан бері лайық үміткерді іздеп жатыр, шетелдік мамандар да қарастырылады. Әсіресе денсаулық сақтау, құрылыс және, әрине, IT-индустрия мамандары қажет. Елде көлік жүргізуші мен тәрбиешілер жетіспейді.
Бұл - шетелдіктер үшін жақсы жаңалық. Себебі Германия экономикасы бір орында тұрып қалғанына қарамастан онда жұмыс табу мүмкіндігі жоғары. Ел үкіметі қазір шетелдіктерді тартуды көздеп отыр. Билік өкілдері елде тұратын және осы жерден пана сұраған шет ел азаматтарының жұмысқа орналасу шарттарын жеңілдеткен. Мұнда тіпті депортацияны соза тұруды сұраған адамдарды да жұмысқа алуға рұқсат берілді. Олардың саны шамамен 225 мың адам.