Германияда антибиотиктерді дұрыс қолданбағандықтан ондаған мың адам көз жұмды
АСТАНА. KAZINFORM — Антибиотикке төзімді бактериялар барған сайын үлкен қауіпке айналып, Германияда мыңдаған адамның өліміне себеп болып отыр, деп хабарлайды BILD.

Роберт Кох институты (RKI) мен Вашингтон университетінің зерттеуіне сәйкес, тек 2019 жылы елде шамамен 45,7 мың адам емдеуге көнбейтін қоздырғыштардан туындаған инфекциялардан көз жұмған.
RKI деректерінше, олардың ішінде шамамен 9600 өлім антибиотиктерге төзімділіктің тікелей салдары болған.
Көбінесе өлімге әкелген инфекциялар — қан айналымы аурулары, тыныс жолдарының қабынуы және құрсақ қуысының инфекциялары.
Жаһандық деңгейде жағдай да алаңдатарлық. Денсаулық жағдайын бағалау институтының (IHME) зерттеуіне сәйкес, 2021 жылы антибиотикке төзімді бактериялардан әлем бойынша шамамен 1,14 миллион адам қайтыс болған.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай жағдайдың негізгі себебі антибиотиктерді шамадан тыс және дұрыс пайдаланбау. Бұл төзімді штамдардың сақталып, таралуына қолайлы жағдай жасайды.
Айта кетелік 4,7 млн-нан астам медициналық анықтамалар электрондық форматта ресімделген еді.