Германияда әскерге барғысы келетіндер саны артып келеді

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың ақпан айының соңына қарай Германияда 16 100 ер адам мен әйел Бундесвер қатарына қосылуға өтініш берген. Бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары, деп хабарлайды DW.

Неизвестные похитили 20 тысяч патронов бундесвера в Германии
Фото: Birgitta von Gyldenfeldt/dpa/picture alliance

Әсіресе 6–11 айлық ерікті әскери қызмет пен 12–23 айға арналған қысқа мерзімді қызметке қызығушылық айтарлықтай артқан. Германия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, мұндай сарбаздар саны бір жыл ішінде 15%-ға өсіп, 13 400 адамға жеткен.

2026 жылдан бастап елде әскери қызметті реттейтін жаңа заң күшіне енді. Оған сәйкес, 18 жастан асқан барлық азаматтарға медициналық тексеруден өту туралы хат жолданады. Бұл олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін қажет.

Қазіргі таңда Бундесверде 186 200 сарбаз қызмет етеді, бұл 2025 жылдың ақпанымен салыстырғанда 3600 адамға көп. Басқа елдерден төнген қауіп аясында Германия үкіметі 2030 жылдардың ортасына қарай әскер санын 260 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ резервтегі әскер санын 200 мыңға дейін арттыру көзделген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, швед зерттеу институты SIPRI мәліметінше, Германия әлемде қару-жарақ экспорттаушылар арасында төртінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар