Германияда босқындар саны 3,5 млн адамға жетті
AСТАНА. KAZINFORM — Германияда тұратын босқындар саны 3,55 млнға жетті. Бұл федералды үкіметтің Бундестагтағы Солшыл партия фракциясының сауалына берген жауабынан белгілі болды, деп хабарлайды DW.

Бұл 2024 жылға есептелген босқындар саны екені баса айтылды. 2023 жылы – 3,42 млн болған.
Германияға Украинадан 1,2 млн-ға жуық адам қатысты статуспен барды. Босқындар туралы Женева конвенциясына сәйкес шамамен 710 000 адам босқын деп танылса, 43 000-ға жуық адам баспана іздеуші ретінде танылған. 197 000 адамды депортациялауға тыйым салынған, оның ішінде 130 000-ға жуығы Ауғанстаннан.
Өткен жылы солшыл депутат Клара Бюнгердің айтуынша, Германияға 124 мың босқын келген, оның 108 мыңы украиналықтар. Ресми мәлімет бойынша, қазір 200 мың адам елден кетуге міндетті. Алайда, үкімет деректеріне сәйкес, олардың 178 мыңы Германияда уақытша тұруын жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, Германия екі күн ішінде шекарада ұсталған заңсыз мигранттардың 78%-ын елден шығарды.