Германияда бір топ адамды қаққан көлік туралы не белгілі

АСТАНА. KAZINFORM — Германияның Магдебург қаласындағы (Саксония-Анхальт федералды штаты) Рождестволық базарда көлік адамдарды қағып кетті.

Грузия полиция
Фото: Давид Мдзинаришвили/ ТАСС

ТАСС мәліметінше, кемінде 11 адам қаза тауып, 80-ге жуық адам жараланған. Әзірге екі адамның, оның ішінде бір баланың өлімі ресми расталды.

Қара түсті BMW жүргізушісі көлігін рождество базарының адам көп жүретін жағына қарай қасақана бағыттаған.

Полицейлер базар маңынан жарылғыш зат іздеуге кірісті. Қазір қала орталығы қоршауға алынды. 80 шақырым жердегі Магдебург пен Галле ауруханалары зардап шеккендерді қабылдауға дайындалып жатыр. Бұл жұмысқа өңірдегі барлық құтқару тікұшақтары жұмылдырылған.

Эрфурттегі (Тюрингия) Рождестволық базарға келушілер мен сатушылар Магдебургтен келген хабарламалардан кейін эвакуацияланды.

DPA агенттігі жүргізушінің ұсталғанын хабарлады. Оның 1974 жылы туған Сауд Арабиясының тумасы екені анықталды.

Күдікті көлікті жалға алып, адамдарды қаққан. Көлік ішінен жарылғыш зат табылмады.

Ер адам құқық қорғау органдарының назарына исламшыл ретінде көрінген жоқ. Полиция күдікті жалғыз әрекет еткен деп есептейді.

Еске салсақ, кеше Германияның Магдебург қаласындағы рождестволық базарда жантүршігерлік теракт болды

Соңғы жаңалықтар