Германияда дизель мен бензин бағасы төмендеген

АСТАНА. KAZINFORM — Германияда жанар-жағармай бағасы үшінші жыл қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды DW агенттігі.

жанармай
Фото: АЗЕРТАДЖ

ADAC ұйымының болжамы бойынша, бензиннің орташа жылдық бағасы литріне 1,69 еуроға дейін төмендеп, 2024 жылмен салыстырғанда шамамен бес центке арзандаған.

Дизельдің орташа бағасы литріне 1,61 еуроға дейін төмендеп, бір жыл бұрынғыдан төрт центке арзандаған.

— Бағалар төмендегеніне қарамастан, жанар-жағармай құю әлі де салыстырмалы түрде қымбат, — деп атап өтті ADAC жанар-жағармай нарығы бойынша сарапшысы Кристиан Лаберер ARD телеарнасының Tagesschau бағдарламасына берген сұхбатында.

Бензин бағасына ең негізгі әсер ететін фактор — мұнай құны. Мұнай өндіру қысқарған сайын ұсыныс азайып, бұл бағаның өсуіне алып келеді.

Лаберердің айтуынша, қысқа мерзімді баға күрт өсуіне себеп жоқ — жаһандық экономиканың әлсіздігіне байланысты сұраныс төмен.

Германияда жанар-жағармай бағасының аймақтық айырмашылығы сақталып отыр: елдің батысында жанар-жағармай шығысына қарағанда әлдеқайда арзан.

Бұдан бұрын Германияда тесілген құбырдан 25 метрлік мұнай бұрқағы атқылағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар