Германияда екі автобус соқтығысып, 35 адам зардап шекті

АСТАНА.KAZINFORM - Германияның батысында екі автобус соқтығысып, кем дегенде 35 адам зардап шекті, деп хабарлайды BILD.

Германияда екі автобус соқтығысып, 35 адам зардап шекті
Фото: BILD

Дүйсенбі күні таңертең Саарбрюккенде жол апаты болды. Екі жолаушылар автобусы Саарбасар сауда орталығының маңында бетпе-бет соқтығысып қалды.

Полицияның мәліметінше, кемінде 35 адам зардап шеккен, олардың арасында балалар да бар. Кем дегенде бес адамның жағдайы ауыр.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, медициналық тікұшақ та жетті. Қазіргі уақытта жол апаты болған учаске жабылып, көлік қозғалысының бағытын өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Астанада автобус апатынан 15 тұрғынның зардап шеккені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар