Германияда қарулы адам банкке кіріп, әйелді кепілге алды

АСТАНА. KAZINFORM -  Шабуыл бүгін таңертең Германияның Римбах қаласында болды, деп жазады Bild.

Германияда қарулы адам банкке кіріп, әйелді кепілге алды
Фото: Bild

Полицияның мәліметінше, қылмыскер таңертең Volksbank бөлімшесіне басып кіріп, әйелді кепілге алған. Полиция операциясы үшін банк ғимараты қоршауға алынды.

Пышақпен қаруланған қылмыскер көп ұзамай қолға түсті, кепілге алынған адам зардап шекпеді. Бұл туралы полиция өкілі Бернд Хохштедтер хабарлады.

Банк бөлімшесінің қызметкерлері мен клиенттері де аман-сау, қазір оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұған дейін Магдебургтегі Рождестволық базарда теракт болғаны туралы хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар