Германияда кәріз суларынан полиомиелит туындататын вирус табылды
АСТАНА. KAZINFORM — Германиядағы тұрмыстық қажеттілікке жұмсалатын сулардан полиомиелит тудыратын вирустың жабайы түрі анықталды, деп хабарлайды БЕЛТА.
— Германиядағы тұрмыстық мақсатта қолданылатын су үлгілерінен 1-типті жабайы полиовирус (WPV1) табылды, — деп мәлімдеді Роберт Кох институтының баспасөз қызметі.
Вирус тек бірнеше жерде, оқшауланған түрде табылған. Яғни, адамдар арасында эпидемиялық деңгейде таралуы тіркелмеген, тек кәріз суында кездейсоқ табылған жағдайлар ғана болған.
Сонымен қатар, бұл вирус түрі Германияда соңғы рет адамдарға жұққаннан кейін 30 жыл өткен соң табылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайды 2010 жылдан бері Еуропада полиомиелит анықталған алғашқы оқиға деп атады.
Бұған дейін Германияда қоқыс пен вандализмге қарсы жаңа қызмет құрылғаны белгілі болды.